KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да «Танымдық топонимика» атты өлкетану байқауы өтеді

7.02.2023, 09:44 527 Ләззат Қанатқызы

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапхана «Танымдық топонимика» атты өлкетану байқауын ұйымдастырып отыр.

Оған Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Топонимика -  халқымыздың бірегей тарихи мұрасы. Жер, өзен-көл, тау-тас, орман, ауылдар мен көшелер, саябақтар мен алаңдардың тарихы әр замана кезеңдеріндегі ұрпақтың ұлттық құндылықтары. Бүгінгі таңда  Тәуелсіз елдің жас ұрпағы ауылдар мен қалалардың, көшелердің жаңаша атауларына куә болуда. Ендігі кезекте, өткен мен бүгіннің өзгерістерін саралап, сабақтастыра  білу бүгінгі жас буынның борышы. Байқау тапсырмалары – қатысушы өзі тұратын елдімекеннің және көшелердің, алаңдардың, немесе ескерткіштердің  пайда болу тарихын және атауының мағынасын зерттеп, атауларға байланысты аңыз, әңгімелерді зерделеуі тиіс. Сондай-ақ өзі таңдаған тақырып туралы жазылған кітаптарды тауып оқып, деректер келтіріп, тақырып туралы білетін адамдардан сұрап, қызықты ақпараттар жинауы қажет, - деп хабарлады кітапхана қызметкерлері.

Зерттеу жұмысын  видео-жазба, видео-сұхбат, буктрейлер, слайд-таныстыру, анимация, немесе  видео-сюжет үлгісінде орындау керек.  Шығармашылық жұмысты  флешкамен  кітапханаға  әкеліп тапсыруға немесе «Танымдық топонимика» деген  атауды жазып,  ukcbs@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады.

Қатысушы өзінің аты-жөнін, тұратын мекенжайын, мектебін, сыныбын, телефон нөмірін  жазып, зерттеу кезінде пайдаланған  ақпарат  көздерінің (кітап, интернет, газет-журнал және т.б)  тізімін толыққанды көрсетуі тиіс. Байқауға жұмыстарды қабылдау мерзімі:  2023 жылдың 7 ақпанынан 10 қазанға дейін. Шығармашылық жұмыстарға Қазылар алқасы  жан-жақты баға береді. 

Жеңімпаздарды марапаттау «Республика күні» қарсаңында, яғни 2023 жылы 20 қазанда   өтеді. Үздік атанғандар диплом және сый-тартулармен марапатталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив