KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Үздік ұстаз – ұлт болашағы

30.03.2023, 18:37 4 939 ALTAINEWS

Білім басқармасы көптілді білім беруді дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында жыл сайын облыстың тілдік пәндерінің үздік педагогтары ынталандырылады.

Аймақтағы осындай үздік педагогтердің бірі - ШҚО Білім басқармасының «Облыстық математика, физка, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі –Толқын Жанахметова.

Толқын Амангелдіқызы - көптілді білім беруді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша жұмыс тобының мүшесі. Педагогикалық ғылымдарының магистрі, педагог-шебер, «Үздік педагог-2022» иегері. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары.

Педагог ретінде негізгі мақсаты – алдында отырған әр оқушының ең алдымен жүрегіне жол тауып, содан кейін білім нәрін сіңіруге жан-тәнімен тырысу, өзге ұлт оқушыларына қазақ тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту, мемлекетті тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, күнделікті тұрмыста, қоғамдық орындарда тілдік шектеуді сезінбей өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу.

Толқын Амангелдіқызы үнемі өз білімін жетілдіріп отыратын педагог. Оқыту барысында белсенді әрекетті ұстану үшін жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс түрлері арқылы әтүрлі әдіс-тәсілдерді, оқыту стратегияларын, бағалау құралдарын пайдаланады. Заман ағымына қарай ақпараттық–коммуникациялық технологияларды, білім беру платформаларын тиімді қолданады.

Педагог жұмыс тобының, шет тілдері мұғалімдерінің ӘБ отырыстарында сөз сөйлеу арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесін тарату нысандарын белсенді пайдаланады, қала және облыс деңгейінде шеберлік сыныптарын өткізеді, мектептің инновациялық жұмысына қатысады, болашақ мамандарға (жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне) тәлімгер болып табылады.

Педагог өз қызметінде Online Mektep, LearningApps, Mozaik Education, Kahoot, Wordwall, Google forme, QR-код және басқа да электронды ресурстарды қолданады.

Сонымен қатар, дарынды оқушыларды пән олимпиадаларына, конкурстарға дайындайды. Тілдік дағдыларды дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив