KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

2023 жылы қанша білім гранты бөлінді?

шартты сурет

22.05.2023, 16:49 826 Оразай Жеңісұлы

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы қанша білім гранты бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

"Гранттарға келетін болсақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде оқуға бөлінген білім беру гранттарының жалпы саны – 88 мың. Олардың ішінде:

  • бакалавриатқа 73 000 грант бөлінді;
  • магистратураға – 13 мың;
  • докторантураға – 1890 грант", – деді ОКҚ брифингінде ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев. 

Ол 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдау, ал грант иегерлері тізімін 10 тамызға дейін орналастыру жоспарланып отырғанын айтты. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Еске салайық, өткен аптада, 18 мамырда 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңі басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Екі талпынысты есепке алғанда 166 мыңнан аса үміткер 305 мың өтініш берген.

Қазақстандағы талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыруға құқылы. Жоғары балл соңғы нәтиже болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив