KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ҰБТ-2023: пәндер комбинациясы, кесте мен калькулятор экранда

23.05.2023, 09:30 446 Оразай Жеңісұлы

2023 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге бірқатар өзгеріс енгізілген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Вице-министр Қуаныш Ерғалиевтың айтуынша, тестілеу форматында өзгеріс жоқ. Оқушылар бұрынғыдай бес пәннен тест тапсырады: үш міндетті пән, екі бейінді пән.

Сұрақтар саны – 120. Алайда Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы пәндерінің тест тапсырмасы санында өзгеріс бар.

«Басты жаңашылдықтарға келетін болсақ, Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша тест тапсырмаларын санына байланысты өзгерістер енгізілді. Қазақстан тарихының бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы, ал оқу сауаттылығында 15 тест сұрағы болады. Биылдан бастап информатика ҰБТ бейінді пәндер комбинациясы тізіміне енгізілді. Осыған байланысты информатика мұғалімдерін даярлау, ақпараттық технологиялар сияқты бағдарламалар топтарына математика- информатика комбинациясын тапсырады. Шекті балда өзгеріс болмайды», – деді ведомство өкілі.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, биыл оқушылардың 10 пайызы осы жаңа пәндер комбинациясын (математика-информатика - еск.) таңдап отыр.

«Биыл тұңғыш рет қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті пәндерінен кездесетін шығармалардың тізімін жарияладық», – деді ҰТО директоры.

Сондай-ақ тест кезінде информатика пәнін тапсыратындар үшін үш тілде терминдер аудармасы ұсынылады. Ал периодтық кесте мен калькулятор экранда көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив