KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да апатты мектептер мүлдем жоқ – Білім басқармасы

Фото: ашық дереккөз

23.05.2023, 15:53 370

Оқу жылы аяқталған соң облыс бойынша 26 мектеп жөндеуден өтетін болады.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша апатты жағдайда тұрған мектеп жоқ. Жыл сайын жазда оқу орындарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл 3 мектеп күрделі, 23 мектеп ағымдағы жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 1,1 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігерлер анықталып жатыр.

– Үш мектептің шатыры, жылу және су құбырлары ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары оқу жылы аяқталған соң бірден басталып, қыркүйекке дейін аяқталады, – дейді басқарма басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Облыс бойынша барлығы 342 мектеп бар. 2025 жылға дейін Шығыс Қазақстанда 20-ға жуық жаңа мектеп салынбақ, оның тең жартысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив