KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Шығыста 3800-ден астам түлек мектеп бітірді

Фото: ашық дереккөз

25.05.2023, 20:27 423

Шығыс Қазақстан облысында 96 383 бала мектеп қабырғасында білім алып келсе, биыл соның ішінде 3810 оқушы алтын ұяларынан түлеп ұшты.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина мен басқарманың мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Спикердің айтуынша, мектептердегі 9 бен 11 сыныптарға арналған мемлекеттік емтихандар 2-19 маусым аралығында Оқу-ағарту министрлігінің №125 бұйрығына сәйкес дәстүрлі форматта өтеді. Қазіргі уақытта емтихан тапсырмалары әзірленуде. «Алтын белгіге» үміткерлер құжаттарының талаптарға сәйкестігі арнайы комиссиямен тексерілді. Денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша емтихандардан босатылған оқушылардың тізіміде дайындалуда. 

– Облыста 8800-ге жуық 9-сынып түлектері болса, оның 789-ы ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер. Ал 11-сыныпты 3810 түлек аяқтамақ, оның ішінде, 281 оқушы «Алтын белгіге», 378-і «Үздік аттестатқа» үміткер, – деді ШҚО Білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив