KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Кей мектептерде әлі күнге дейін спортзал мен асхана жоқ – депутат

5.06.2023, 17:06 526 Оразай Жеңісұлы

Бұл туралы Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

"Көптеген мектеп кәріз жүйелеріне, ел мектептерінің 50%-ы жоғары жылдамдықты интернетке, 25%-ы спортзалға, 15%-ы асханаға, 13%-ы кітапханаға қол жеткізе алмай отыр", – деді ол.

Н.Сабильянов білім беру мекемелерін қажетті инфрақұрылыммен және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету сапасы оқушылардың одан әрі дамуына әсер ететін маңызды фактор екенін атады.

"Аталған проблемалық мәселелерді мәслихат депутаттарының, әкімдердің және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестердің алаңдарында жедел түрде қарауды ұсынамын. Қаражат бөліп, мәселенің шешімін табу керек", – деді ол.

Айта кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша, халқының саны 250 адамнан аз 1432 ауылда интернет жоқ. Ал 3G-ге қосылған 2046 ауылдық елді мекенде интернет байланысы тұрақсыз, кейде мүлдем болмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив