KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Қазақстанға қанша қандас оралды?

Фото: gov.kz

6.06.2023, 10:42 388 Оразай Жеңісұлы

Биыл 8 мыңнан аса этникалық қазақ қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 8 034 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас статусын алған. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 115,1 мың этникалық қазақ оралды.

  "Биыл Қазақстанға келген қандастардың жартысы (54,2%) Өзбекстаннан, 20,1% – Қытайдан, 11% – Ресейден, 6,4% – Моңғолиядан, 4,9% – Түрікменстаннан және 3,3% басқа елдерден. Елімізге келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,8%), Маңғыстау (12,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (4,8%) облыстарына, сонымен қатар Астана (10,7%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды",  делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив