KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Биыл оқуға қанша балмен түсуге болады? ҰТО шекті балдарды бекітті

Сурет: 4esnok.by

9.06.2023, 12:24 798 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шекті балдар өзгерген жоқ:

  • "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары үшін – кемінде 75 балл;
  • "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" – кемінде 70 балл;
  • "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кемінде 60 балл;
  • ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;
  • басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.
  • Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап академиялық еркіндік шеңберінде ЖОО-лар ақылы негізде де, грант бойынша да оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның өз шекті балдарын белгілеуге құқылы.

"Мысалы, бір түлек математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді дейік. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен грант конкурсына немесе ЕҰУ-дың ақылы бөліміне тапсырғысы келеді. Сіздер білетіндей, "Педагогикалық ғылымдарға" шекті балл – кемінде 75 балл, ал ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл. Түлектің жинаған балы оқуға қабылдау үшін жетіп тұр. Алайда бұл университеттегі оның оқығысы келетін мамандыққа шекті балл 90-нан басталады. Демек, түлекке 80-нен төмен шекті балдары бар басқа университетті іздеу керек. Сондықтан оқуға құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер жоғары оқу орындарының шекті балдарын білуі тиіс", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.  

2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімі жақын уақытта жарияланатынын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив