KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.15 483.46 4.86

Даниал Ахметов: «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыратын жобаны бастаймыз»

12.11.2021, 12:51 326

Соңғы бес жыл көлемінде ШҚО-да іске асырылып жатқан «Үштілді білім беруді дамыту» өңірілік жобасы аясында тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсіби деңгейі артты. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникация орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді. 
Даниал Ахметовтің айтуынша, соның нәтижесінде мұғалімдердің  оқыту әдістемесін меңгеруі 14-тен 89 процентке, ал оқушылардың білім сапасы 53-тен 62 процентке дейін артты.

- Биылғы жылы, біз, орыс тілінде оқытатын мектептерде, практикалық қазақ тілін оқыту сапасын, арттыруға бағытталған жобаның үш жылдық кезеңін бастаймыз. Ол үшін біз, эксперимент алынған облыстағы алдыңғы қатарлы 100 мектептің 200 мұғалімін практикалық қазақ тілін тереңдете үйретуге оқыттық, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов журналистер алдында. 

Сонымен қатар, аймақ басшысы Президент қойған міндеттерді орындау үшін биылдан бастап халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына бірреттік сыйлық ақы беруді жоспарлап отырғанын да мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив