KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Қазақ тіліндегі 10 үздік Telegram арна

4.09.2022, 14:25 228

Қазақ тілінде танымдық ақпарат пен пайдалы кеңестер жинақталған арналар топтамасын ұсынамыз.

Әлеуметтік желілер күнделікті тіршілігімізге енгелі бері оны тек байланыс құралы ғана емес, пайдалы арна ретінде қолданушылар қатары артты. Солардың көмегімен қазір үйден шықпай-ақ ағылшын тілін меңгеруге, күрделі ғылыми теорияларды түсінуге, сондай-ақ білім жетілдіруге болады.

Білім мен ғылым, рухани даму бағытындағы 10 Telegram арнаны ұсынамыз.

№1. Калькасыз қазақ тілі

"Калькасыз қазақ тілі" арнасы қазақ тілінде сауатты жазып үйренуге, калькасыз сөйлеуге үндейді. Канал авторы филолог Назгүл Қожабек орыс, түрік тілдерінің ықпалымен түрленіп кеткен сөздер мен тіркестерді ғылыми терминдерсіз, жалпыға түсінікті тілмен түсіндіріп келеді.

№2. Gylym Faces

Қазақстанның заманауи ғалымдары мен олардың елдегі және шетелдегі зерттеулері туралы сұхбаттар топтамасы жинақталған Telegram-арна. Жобаның негізін вирусолог ғалым Әсел Мұсабекова мен ғылым туралы жазатын журналист Анастасия Горбунова қалаған. Жобаға кейіпкер ретінде зоолог, ерекше қауіпті инфекция тасымалдаушыларды зертетйтін маман, астрофизик, жасуша биологы, археолог, онколог-хирург, робототехник сынды басқа да түрлі салада зерттеу жасап жүрген ғалымдар таңдалған.

№3. "Тұлға болам"

Кітап оқу сайысының телеграм арнасы. Мұнда республика бойынша үш кезеңнен тұратын кітап оқу сайысы өтіп тұрады. Жеңімпаздар ақшалай және заттай сыйлықтар, түрлі жолдамаларға ие болады. 

Сайыстың басты мақсаты – жастарды кітап оқуға құлшынысын арттыру, жалпы елде кітап оқу дағдысын жандандыру. 

№4. Narikbi LIVE

Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкасттың Telegram желісіндегі арнасы.Подкаст қонағы ретінде белгілі бір салада жетістікке жеткен адамдар шақырылып, түрлі лайфхактарын бөліседі. 

№5. JOO.KZ

Joo.kz – талапкерлерге арналған арна. Онда ҰБТ-ға дайындалуға қатысты пайдалы кеңестер, таңдау пәндеріне қажет ақпараттар жарияланып отырады. Тест сұрақтарынан жинақтар жарияланып, викториналар ұйымдастырылып отырады.

Сонымен қатар талапкерге қажетті: оқуға түсу, университеттер, білім бағдарламалары, шәкіртақылар туралы мәліметтер бар.

№6. Қазақстан тарихы

Мектеп бітіруші түлектер мен ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушыларға, жалпы Қазақстан тарихына қызығатын адамдарға арналған арна. Мұнда тарихи деректер, тарих пәнінен тест сұрақтары жиі жарияланып отырады. Түрлі викториналар, сауалнамалар бар.

№7. Абай Құнанбайұлы

Бұл арнада Абай Құнанбайұлының хикмет сөздері, өлеңдері мен қара сөздері және нақыл сөздері жарияланып отырады. Арасында сол деректерге қатысты сауалнамалар, түрлі тест ойындары да бар. 

№8. Химия мектебі

Химия пәнінің теориялары мен тәжірибелерін түсіндіретін арна. Сонымен қатар арнада есептер мен олрдың шешу жолдары түсіндіріледі. Суретпен қатар видеомәліметтер де қамтылған. ҰБТ-да химия пәнін таңдап отырған түлектерге пайдалы ақпараттар да бар.

№9. Әдебиет Quizizz

Мектеп бітіруші түлектер мен ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушыларға, жалпы қазақ әдебиетіне қызығатын адамдарға арналған арна. Мұнда ақын-жазушыларға қатысты қызықты деректер мен әдебиет пәнінен тест сұрақтары жиі жарияланып отырады. Түрлі викториналар, сауалнамалар бар.

№10. Ағылшын тілі / Lingvistry

Егер ағылшын тілін үйреніп жүрсеңіз осы бағыттағы Telegram-арналарға жазылып алуға кеңес береміз. "Ағылшын тілі / Lingvistry" арнасында ағылшын тіліне қатысты ережелер, қазақша түсіндірмесі, аудармалар мен сөздіктер топтастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив