KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Биыл 10 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады - ШҚО

1.09.2022, 10:00 264

Бүгін – білім күні. Барлық оқушылар жазғы демалыстан оралып, жаңаша серпінмен жаңа оқу жылына кіріседі. Жалпы, облыс бойынша қазір 95 мың оқушы болса, оның 10 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс орталығында биыл 51 білім ордасы есігін айқара ашып, 5476 бірінші сынып оқушыларын қабылдамақ.

-        Барлық мектептерге жөнеу жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, қазір қалада апатты немесе үш ауысымды мектептер жоқ. Десе де, орындардың тапшылығы байқалғаны жасырын емес. Мәселен, тек №46 мектептің өзінде биыл 10-ға жуық бірінші сынып ашылды, - ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылы бұл жолы жаңаша жаңалықтармен басталуда. Оның бірі – оқу жылының ұзаруы. Осы жылдан бастап жазғы демалыс 31 мамырдан басталады.

-        Сондай-ақ, тағы бір маңызды жаңалығымыз – бастауыш сыныптарда тілдерді оқыту схемасы өзгертілді. Енді қазақ мектептерінде 1-сыныпқа барған оқушылар тек мемлекеттік тілде білім алады. Орыс тілі пәні 2-сыныптан, ал ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. Орыс мектептерге келетін болсақ, балалар қазақ және орыс тілдерін 1-сыныптан бастап оқиды,- деп түсіндірді Динара Шаухина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив