Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Келесі жылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% - ды құрайды - ШҚО

30.08.2022, 10:29 19 0 Мадина Амангелдіқызы

Келесі жылы ШҚО-да 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% - ды құрайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңірдегі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту қазір 3 жастан 6 жасқа дейін - 100%-ды, 2 жастан 6 жасқа дейін - 97,7%-ды құрайды екен.

Алдағы уақытта Өскемен қаласында 4 балабақша пайдалануға беріледі. Мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы бойынша Аблакетка ықшам ауданында 140 орындық балабақша ашылады.

2023 жылы тағы 4 балабақша және инвесторлар есебінен тағы 5 балабақша пайдалануға берілмек.

Осылайша, келесі жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% - ды құрайды деп болжануда.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив