KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 7 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

Шығысқазақстандық колледждерге 5 мыңнан астам грант бөлінген

22.08.2022, 12:13 228

Бүгінгі таңда ШҚО-да 42 колледж жұмыс істеп тұрса, оның 25-і мемлекеттік болып табылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқу орындары жалпы 60 мамандық бойынша мамандар даярлап шығарады. Оның ішінде сұранысы көп мамандықтарға жыл сайын мемлекеттік грант бөлінетіні белгілі. Мәселен, биыл өңірдегі колледждерге 5 мыңнан астам грант бөлінген.

-        Оқу орындарында құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жүргізілетін болады. Айта кету керек, болашақ студенттер көрсетілген уақытқа дейін грантқа да тапсыра алады. Бұл кешігіп қалған немесе қандай да бір себептермен құжат тапсыра алмай қалғандар үшін соңғы мүмкіндік, - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив