KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да 2 мыңға жуық бүлдіршін балабақшаға тегін барады

19.08.2022, 11:08 268

Бүгінгі таңда өңірде 200 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 115-і мемлекеттік балабақшалар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Біздің облыста халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мектепке дейінгі мекемелерге тегін барады. Жалпы өңір бойынша ондай 2 мыңға жуық бар, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Сонымен қатар ШҚО білім басқармасы барлық қажеттіліктермен жабдықталған жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер саны да өсіп келе жатқанын атап өтті. Осындай балабақшалардың бірі 30 тамызда облыс орталығында ашылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив