KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменнің педагогтары мен кітапханашылары өз тәжірибесімен бөлісті

19.10.2022, 13:59 175

13-14 қазан аралығында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп: тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында семинар-практикум өтті. Тәжірибелік семинарға Абай облысының облыстық, аудандық білім беру басқармасының әдіскерлері, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинардың мақсаты – Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы мен кітапханаларының іс-тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибе тарату.

Аталмыш шарада Өскемен қаласы NIS мектебінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Мұхтарханова мен аға педагог-кітапханашы Майра Әміренова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Секциялық жұмыс барысында Гүлшат Тоқтасынқызы «Шаңырақ» мектеп қоғамдастығы» жобасы туралы толыққанды ақпарат ұсынды. Қоғамдастықтың құрылу нұсқаулығы туралы айтылып, әр жастағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы және серіктестігі, басқа сынып оқушыларымен танысу мүмкіндіктері, жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларын қамқорға алу арқылы көшбасшылық қабілеттерін дамыту, уақытты бірлесіп өткізу, корпоративтік рух қалыптастыру, оқушыларды «Шаңыраққа» қолдау көрсететін іс-шараларға қатыстырып, позитивтік (конструктивтік ) әсер ету, біртұтас команда құру, салауатты бәсекелестікке үйрету сынды негізгі басымдықтары көрсетілді.

Педагог-кітапханашылар Зияткерлік мектеп кітапханаларының кітап оқуды насихаттауға, ақпараттық және функционалдық сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған ауқымды жобалары мен белсенді әдіс-тәсілдерімен танысты.      


- Семинардың практикалық бөлімінде топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Әр секцияда қарастырылған әдістер бойынша буклеттер, үлестірме материалдар таратылды. Секция жұмысы қызықты әрі барлығымыз үшін тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік алаңы болды. Алдағы уақытта осындай семинар-практикумдар жиі ұйымдастырылуына ұсыныстар білдірдік, - дейді Майра Қалжырбекқызы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив