ШҚО-да аяз. Мектептерде сабақ тоқтатылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушылары үйден оқитын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ТЖД ақпаратына сүйенсек, Ұлан ауданында минус 24 градус: 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды. Шемонайха ауданында минус 23 градус, жел екпіні секундына 4-9 метр. 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Курчатов қаласында да бастауыш сынып оқушылары сабаққа бармайды. Онда минус 24 градус аяз.
54
0
0
Сонымен қатар оқыңыз