Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, СЗ
472.17 495.5 7.57

Тамыз айында өтетін ҰБТ басталды

10.08.2022, 14:45 16 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда тамыз айында өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Оған қатысуға 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тіркеу жұмыстары Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 25-30 шілде аралығында жүргізілді.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беру үшін өткізіледі. Осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.

Тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестілеуге қатысушылар емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады.

«Шекті балл жинай алмаған талапкерлердің ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет. Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгертіп, тестілеуге қатыса алатындығын айта кеткен жөн», - деді ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнына ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив