KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Дене шынықтыру мұғалімдерінің жалақысы өседі - министр

28.01.2021, 16:18 148

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақшалардың, мектептер мен колледждердің дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы белгіленді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-           Енді олардың тұрақты жалақыларына ай сайын 17 697 теңге үстемақы қосылатын болады. Бұл ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалдық міндеті кеңейеді. Бұдан былай олар әдеттегі дене шынықтыру пәнінен басқа сабақтан тыс қосымша спорттық-сауықтыру жұмыстарымен, яғни секциялармен айналысатын болады, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол білім беру ұйымдарында сабақтан тыс уақытта спорт секциялары спорттың әр түрі бойынша өткізілуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл білім алушылар мен тәрбиеленушілердің сұранысы мен тілектеріне, сондай-ақ мамандардың және қажетті спорт жабдықтарының болуына байланысты жүзеге асады.

-           Балаларды спорт секцияларына, қосымша сабақтарға тарту салауатты өмір салтын қалыптастырудың, білім алушыларды спортқа баулудың және олардың денсаулығын нығайтудың кепілі болатын сөзсіз, - деп түйіндеді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив