KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Аягөздік оқушылар үздік нәтиже көрсетуде

2.12.2020, 17:53 188

5-6 класс оқушылары арасында қашықтықтан өткен облыстық негізгі пәндер олимпиадасына “№5 жалпы білім беретін орта мектеп” КММ-нің 4 оқушысы қатысып, 4-еуі де жүлделі орынға ие болды. Бұл білікті мұғалімдер мен талапты шәкірттердің жақсы көрсеткіші деуге болады.


Атап айтар болсақ, жаратылыстану пәнінен 5 класс оқушысы Жумабекова Жібек - ІІ орын, мұғалімі Дюсембаева Асем. Математика пәнінен 5 класс оқушысы Ерасланова Ақбота ІІІ-орын, мұғалімі Жанғалиева Сымбат. Қазақстан тарихы пәнінен 6 сынып оқушысы Нусупова Инабат - ІІ орын, мұғалімі Чалгинбаева Гүлғасыл. Ағылшын тілі пәнінен 5 сынып оқушысы Тлеукенова Айзада - ІІ орын, пән мұғалімі Атымтаева Сауле.


Осы орайда аталмыш білім мекемесінің тағы бір жемісті жетістігін атай кетсек деймін.


«Шығыс-Қазақстан облысының ауылдық орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйрету, ҰБТ-ға дайындық, ерікті түрде көмек көрсету үшін «Шығыс Қазақстан бойынша «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру» аясында «Үздік волонтер» конкурсында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер, лингвистика магистрі Кунанбаева Асем Муслимгазыевна жеңімпаз атанып, арнайы сертификатқа ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив