KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Білімге жұмсалған миллиондар. Шығыстағы кәсіпорындар маман даярлауда қанша қаржы құйып отыр?

2.12.2020, 16:20 162

Өнеркәсіп орындары қазірден бастап мектеп оқушылары, студенттермен етенете жұмыс істемесе, 10-20 жыл ішінде мамансыз қалу қаупі бар. Осы себепті Қазақстанның алпауыт өндірістік кәсіпорындары аймақтардағы жоғары оқу орындары және колледждермен ынтымақтастық орнатып жатыр.

Altaynews.kz тілшісі мыс өндіретін KAZ Minerals тобының болашақта Қазақстанға қажет мамандарды даярлауға қанша инвестиция құятынын анықтап білді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының зерттеуі бойынша, Қазақстандағы әрбір оныншы кәсіпорын кадр тапшылығын сезінуде. 600 мың кәсіпорынды қамтыған сауалнама көрсеткендей, негізгі проблема орта деңгейлі мамандардың жетіспеушілігінде. Десе де, өндірістік саладағы жұмысшылар қазір орташа жалақыдан 38% артық жалақы алатыны тағы бар.

Тарихқа үңілсек, тіпті Қазақстанның экс-президенті де өзінің мансаптық жолын қызыл оттың қасында білек сыбана жүріп бастаған еді.

 

«Суперколледж» жобасы

 

Жағдайды түзету үшін кейбір жоғары оқу орындары мен колледждер де компаниялармен тікелей жұмыс істеуге кірісті. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысындағы ірі жұмыс беруші - KAZ Minerals тау-кен компаниясы 2019 жылы заманауи нарық талаптарына жауап беретін жас мамандарды даярлауға 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Жалпы атауы «Супер колледж» ғаламдық жобасына облыстың бірнеше білім беру мекемелері қатысты.

Photo_261.jpg



-  Біз тау-кен байыту комбинатына жақын ауылдардың барлық тұрғындарына осы колледждерде оқуға және мамандық алуға мүмкіндік беру үшін өңірдегі колледждерде техникалық мамандықтарды дамытып жатырмыз. Біз бірте-бірте жергілікті халықты бізге жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз, - деді Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының персоналды басқару бөлімінің басшысы Бауыржан Әбілқасымұлы.

Қазір Ақтоғай және Бозшакөл кеніштері оқшаулау режимінде жұмыс істеп жатыр. Пандемия жұмыс процесін аздап өзгертіпті. Айтуларынша, бұрын Ақтоғай кенішінде металлургия және кен байыту саласында білім алып жатқан немесе сол мамандықтың түлектері кәсіпорында ақылы өндірістік тәжірибеден өтіп, ең жақсылары жұмысқа қабылданатын.


-      KAZ Minerals тобы біздің басшылыққа зертханашыларды дайындау туралы ұсынысын айтты. Оларға өндірісте жұмыс істеуге дайын, жалпы айтқанда сынауықты қолына ұстай білетін мамандар қажет болды, - дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің директоры Сәрсен Өтепов,


Осылайша С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде химиялық талдау зертханашыларына арналған заманауи кабинет пайда болды. Компания құрылғыларды, химиялық реактивтер, ыдыс-аяқ, зертханалық жиһаздарды сатып алып берді. Сондай-ақ, оқыту фильмдерін көруге болатын арнайы кеңістік те бар. Ол жерге құйылған инвестициялар көлемі 22,2 млн теңгені құрады. Бірінші лектегі мамандар - химиялық талдау зертханашылары оқуды бітіріп, жұмысқа да орналасып үлгерді.

 

Әу бастан-ақ коллеждегі білім KAZ Minerals-та жұмыс істеуге бағытталды. Себебі KAZ Minerals - тау кен саласындағы кәсіпорындардың бірі әрі бірегейі. Корпорацияның қолдауымен арнайы дайындықтан өткен түлектердің жұмысқа сәтті орналысып, тіпті, оларды басқа компаниялар да өздеріне «тартып алып» жатты. Нарықта зертханашыларға деген сұранысты осыдан-ақ білуге болады. Алайда компания қазір індетке байланысты мамандарды жұмысқа қабылдауды уақытша тоқтатып отыр.

 

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасымен бірге Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің базасында Құзыреттілік орталығы ашылды. Ол жерде технологияның қарқын алуы соншалық, үнемі өндірісте болмаған студент заманауи талаптардан арта қалып қоятынын айтады.


Photo_351.jpg


Айтпақшы, мұндағы жастар нағыз өндірістік көліктерде - JCB 8035 экскаваторлы тиегішінде, New Holland C227 шағын жолды тиегішінде, Mitsubishi L-200 автокөлігінде жүріп-тұрып, тәжірибеден өте алады. Барлығын корпорация ұсынып отыр.


-      KAZ Minerals тобы демонстрациялық жабдықты орнатуға 252,6 миллион теңге бөлді. Тау-кен техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді оқып жатқан шеберлердің кабинеттеріне жабдықтар сатып алынып, дәнекерлеуші, электрик, слесірлердің кабинеттері жабдықталды, - дейді колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Шынар Кекубаева.

 

Елге инженерлер мен металлургтер керек

 

Елдегі теңсіздікті түзету үшін жұмысшы мамандықтың беделін көтеру керек дейді, колледждегілер.


-      Жақында ғана Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Жоғары техникалық колледжінде «Пайдалы қазбаларды өңдеу» мамандығы бойынша арнайы он айлық оқу бағдарламасын ашылды. Оқыту сыныбын ашты, зертханалық және практикалық жұмыстарға 14,7 млн.теңгеге жабдықтар сатып алынды. Студенттердің ең заманауи қондырғыларда жұмыс істеуі маңызды, - деді колледж директоры Альфия Хазиева.

 

Студенттер де сұранысқа ие мамандықты игеру жодында асқан құлшылықпен білім алып, талпынуда.


Photo_152.jpg


-   Расын айтқанда, колледжге KAZ Minerals-та жұмыс істегім келгендіктен келдім. Қазір «Пайдалы қазбаларды өңдеу» мамандығы бойынша екінші курста оқимын. Мұнда барлығын іс жүзінде байқап көруге мүмкіндік беруі өте маңызды. Колледж зертханаларында тамаша жағдайлар жасалынып, заманауи құрал жабдықтармен қамтылған, - дейді Д. Серікбаев атындағы Жоғары IT колледжінің 2 курс студенті Ю.Шевченко.

 

«Суперколледж» жобасы аясында сыныптары жөнделген және жаңартылған тағы бір оқу орны - Аягөз политехникалық колледжі. Дәнекерлеушілер мен электриктерге арналған сыныптарды жабдықтауға 49,9 млн теңге бөлінді.


Photo_322.jpg

 

KAZ Minerals тобы өзінің KAZ Minerals Ақтоғай еншілес компаниясы арқылы Жоғарыда аты аталған колледждердің барлығына және орта мектеп түлектеріне білім гранттарын ұсынады.


Альфия Хазиеваның айтуынша, бизнеспен ынтымақтастық кәсіпорынның тапсырысы бойынша интеграцияланған оқыту жүйесін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді. Ал ол шығындар өзін қалайда ақтайды, өйткені түлектер оқуын бітіре салып, өндірісте жұмыс істеуге кетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив