Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
468.98 493.74 7.59

Шығыс Қазақстанда "Мектепке жол" акциясы басталды

1.08.2022, 15:31 15 0 Оразай Жеңісұлы

Жыл сайын өткізілетін бұл акция аз қамтылған отбасындағы балаларды мектепке дайындауға септігін тигізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету, – деп нақтылай түсті облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Ал облыс әкімдігі өңірлік іс-шаралар жоспарын бекітті. Айталық мектеп тауарлары төмен бағамен сатылатын арнайы жәрмеңке ұйымдастыру, қайырымдылық акцияларын өткізу, сондай-ақ нақты бір себепсіз мектепке бармай қалған оқушыларды анықтауға бағытталған рейдтер жүргізу.

– Жаңа оқу жылында оқушылар саны 95 мыңнан асады. Соның ішіндегі 21 мыңнан астам оқушы жалпы оқыту аясында қолдауға ие болады. Осы мақсатта облыстық бюджетте 1,9 миллиард теңге бөлінбек. Мектеп формасы мен аяқ киім сатып алынатын 670 миллион теңге осы соманың ішіне кіреді, – деді білім басқармасының басшысы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив