KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО: медициналық пойыз бес бекетке аялдайды

12.07.2022, 10:06 297

Дәл қазір Абай өңірін аралап жүрген «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы апта соңына қарай Шығыс Қазақстан облысына ойысады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл вагондар ірі республикалық клиникалардың үздік дәрігерлерімен медициналық конференциялар өткізу үшін заманауи диагностикалық жабдықтармен, шағын-операциялық, зертханамен, байланыс құралдарымен және интернетпен жабдықталған.

Өңір тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог және педиатр сынды білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады. Мұндағы дәрігердің әрбіреуінде бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Шығысты 10 күн шарлайды:

15-16 шілдеде – «Предгорная» станциясында,

17-18 шілде – «Черемшанка» станциясында,

19-20 шілде – «Бұқтырма» станциясында,

21-22 шілде – «Заводинка» станциясында,

23-24 шілде – «Тұрғысын» станциясында.

Мамандардың жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс –13.00-ден 14.00-ге дейін.

Жалпы биыл медициналық пойыздар ел аумағында 147 станцияға тоқтайды. Олардың жүру кестесі мен бағыттары жобаның ресми сайтында және Instagram парақшасында жарияланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив