Өскемен
-25°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Маймыл шешегі балаларға жұға бастады - ДДҰ

7.07.2022, 11:02 8 0 Мадина Амангелдіқызы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) балалардың маймыл шешегі ауруын жұқтырудың жаңа жағдайларын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы брифингте ДДҰ төтенше жағдайлар бағдарламасы хатшылығының меңгерушісі Розамунд Льюис мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости .

Балалардағы жағдайлар туралы мәліметтер бар. Бүгінде олардың үштен біріне жуығы 10 жасқа дейінгі балалар, ал жартысы бес жасқа дейінгі балалар, деді Льюис брифинг барысында.

Кішкентай балалар көбінесе «үй жағдайында» вирусты жұқтырады, деді Льюис. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хатшылығының басшысы сондай-ақ 18-19 жас аралығындағы науқастар арасында маймыл шешегінің жұғу мәселесі әлі толық зерттелмегенін қосты.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдегендей, жақында маймыл індетін жұқтырудың оқшауланған жағдайлары тіркелсе, қазір әлемде 58 елде 6000 жағдай анықталған. Аурулардың 80% Еуропада.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив