Өскемен
-16°
переменная облачность ветер 1,4 м/с, ЮВ
462.36 493.48 5.99

Онкологиялық орталықта кезекті Ашық есік күні өтеді - ШҚО

24.06.2022, 09:47 24 0 Ләззат Қанатқызы

Онкологиялық орталықтың емханасында облыс тұрғындары асқазан, өт,бауыр және өкпе обырын ерте анықтау мақсатында тегін қаралып, тексеруден өте алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2 шілде күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін асқазан, өт, бауыр, өкпе  ісікалды ауруларын және бастапқы түрлерін ерте анықтау мақсатында ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында кезекті Ашық есік күні өтеді.

Аталған іс-шара барысында Онкоорталықтың жетекші мамандары тұрғындардан тегін кеңес ала алады.

Тұрғылықты мекен-жай бойынша емханана дәрігерінің жолдамасы қажет емес.

-        Мекенжайымыз Өскемен қаласы, Потанин к, 6, корпус 1, Консультативтік-диагностикалық бөлімі ғимараты (емхана). Толығырақ ақпаратты +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы алуға болады, - деп мәлімдеді ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив