KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да МӘМС жүйесіне кірмеген 133 мыңнан астам адам бар

4.10.2022, 11:57 145

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО филиалының директоры өңір халқын МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстың БАҚ өкілдерімен кездесу барысында ол қазіргі уақытта халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі өзекті екендігін басып айтты. Қазіргі уақытта аймақта МӘМС жүйесіне кірмеген 133 мыңнан астам адам бар.

-        МӘМС жүйесіне кірмеген адамдарды сақтандыру үшін ауықымды шаралар атқарылуда. Осыған байланысты осы жылдың шілде айында МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы тәсілін көздейтін "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға өзгерістер енгізілді». Жаңа механизм қыркүйектің 5-нен бастап іске қосылды, - деді Нұрлан Қыдырбаев.

Егер бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен 12 ай үшін жарна төлеу қажет болды және осы кезеңде төлемдер  жасалмаса, берешек пайда болатын. Енді алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеп, сақтандыру мәртебесін алуға болады. Бұл Медициналық сақтандыру есебінен жыл бойы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

-        Алайда, бұл халықты МӘМС жүйесіне тарту үшін ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өту қажет.   Ол жергілікті атқарушы органдармен, кіріс департаментімен, аудандық әкімдіктермен және Ішкі істер департаментімен, медициналық ұйымдармен бірлесіп өткізілуі керек, - деп атап өтті Қор филиалының директоры.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив