Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, СЗ
444.85 477.19 5.42

Ашық есік күніне 100-ге жуық адам келген - ШҚО

24.05.2022, 15:31 39 0 Ләззат Қанатқызы

Өткен сенбіде ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында кезекті ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш шара, ағымдағы жылы мамыр айын қамтып отырған қуық, тері, өкпе қатерлі ісігінің алдын-алу, ерте анықтау бағытындағы айлық аясында өткізілген болатын.

Бұл күні облыс жүртшылығы учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз, әрі тегін Онкоорталықтың хирург, гинеколог, уролог мамандарынан қажетті кеңес алып, кей жағдайларда қосымша тексерулерге жолданды.

Бас-аяғы осы Ашық есік күніне 100-ге жуық адам келіп, өз денсаулықтарын қажетті тексерулермен қамтамасыз етті. Олардың ішінде 1 адамнан қатерлі ісік, 8 ісік алды жағдайы және басқа да 32 түрлі нозологиялар анықталды.

15 адам УДЗ, 23 адамға цитологиялық зерттеулер жасалды. 

39
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив