Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, Ю
444.85 477.19 5.42

Амбулаториялық деңгейдегі медициналық қызметтер тізбесі кеңейеді

27.04.2022, 00:26 81 0 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде амбулаториялық деңгейде медициналық қызметтер тізбесін кеңейтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова мәлімдеді.


- "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің жаңа ережелерін әзірлеуде, оған сәйкес жоспарлы және шұғыл көмек көрсету бағыты қайта қаралуда, созылмалы аурулары бар пациенттерді бақылау, онкологиялық науқастарға арналған тексерулер тізбесі кеңейтіледі",- деді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова.


Айтуынша, сәйкес бұйрық жобасында ТМККК шеңберінде мамандандырылған медициналық қызметтер тізбесіне енгізілген 170 медициналық қызмет, сондай-ақ ТМККК және МӘМС шеңберінде тізбеге енгізілген 3766 медициналық қызмет көзделген.

Ал онкологиялық науқастар үшін жалпы клиникалық зертханалық, серологиялық, иммунологиялық, гистопатологиялық, радиометриялық және басқа зерттеулерге 206 медициналық қызмет тізбесі кеңейтілмек.

81
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив