Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, СЗ
444.85 477.19 5.42

Медициналық мекемелердің үлесі артты - ШҚО

22.04.2022, 15:37 181 0 Мадина Амангелдіқызы
ШҚО-да денсаулық сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Коронавирус пандемиясы жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері өзекті тақырып болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Соңғы бес жылда облыс бойынша жоғары технологиялық медициналық техника көлемі 2,5 есе өсті, 35,6 млрд. теңгеге халықаралық стандарттарға сәйкес келетін үш мыңнан астам заманауи жабдық сатып алынды.
 – Облыс орталығындағы №1 қалалық аурухана базасында роботохирургия және трансплантология орталығы ашылды, маммология және гинекология реанимациясы бөлімшесінің операциялық блогы жаңғыртылды. Сәулелік терапия үшін компьютерлік томограф және жүйелік үдеткіш сатып алынды. Облыстық аурухана мен мамандандырылған медициналық орталық үшін рентген аппараттары алынды, – дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. 

 Оған қоса, елімізде теңдесі жоқ гематология орталығының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанның бірегейлігі - оның ресурсы жасушалық және гендік-инженерлік технологияларды пайдалану. Сонымен қатар алдағы уақытта екі емхана мен «Олимп» зертханасының жаңа корпусын ашу жоспарлануда.
181
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив