Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аягөздің Инсульт орталығында 1,6 мың пациент емделді

27.09.2022, 12:20 3 0 Мадина Амангелдіқызы

Аягөз аудандық ауруханасында ашылған Инсульт орталығында осы уақытқа дейін 1600 пациент емделді. Онда көршілес аудандардың тұрғындары да ем қабылдайды екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, 72 мыңнан аса халыққа қызмет көрсететін Аязгөз ауданаралық ауруханасы аудандық деңгейде ұйымдастырылған ең ірі емдеу мекемелерінің бірі болып табылады.

Аягөз ауданаралық ауруханасынан бөлек ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің құрамына 15 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт кіреді. Ауылдық елді мекендерде 24 дәрігер, 145 орта медицина қызметкерлері еңбек етеді.

Бұған қоса шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін жыл сайын құрамында хирург, акушер-гинеколог, жалпы практика дәрігері, стоматолог, зертханашы дәрігер және орта медицина персоналы бар жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылып тұрады.

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖМК 11997 аудан тұрғынына қызмет көрсетіп, 2300-ден аса әртүрлі зертханалық, рентгенологиялық, ЭКГ, УДЗ зерттеулер жүргізді. Жылжымалы флюораграфиялық кешен ауылдық жерлерде 4643 қабылдау жасады.

Аурухананың өзінде пациенттерді қолдау қызметі мен Call-орталық жұмыс істейді. Медицииналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында халыққа дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі, емдеуге жатқызу, медициналық ұйымға бекіту ережелері және т.б. туралы тұрақты түрде ақпарат таратылып тұрады.

Аурухананың қабылдау бөлімшесі триаж жүйесі бойынша жұмыс істейді. Қабылдау бөлімі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін УДЗ, ӨЖЖ, дефибриллятор, ЭКГ секілді шұғыл көмек көрсетуге арналған бастапқы реанимациялық жиынтық аппараттарымен толық жабдықталған және орталықтандырылған оттегі станциясына қосылған.

Мәселен, 2018 жылы орталық аурухананың базасында облыс әкімшілігінің тікелей көмегімен инсульт орталығы ашылды, ол қажетті медициналық жабдықтармен, оның ішінде компьютерлік томограф аппаратымен жабдықталған.

Бүгінгі таңда инсульт орталығында тек Аягөз ауданының тұрғындары ғана емес, көршілес Үржар, Жарма, Ақсуат аудандарының тұрғындары да ем алады. Ашылғаннан бері 1600 пациент, оның ішінде басқа аудандардан 600 пациент емделіп шықты.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив