Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Қазақстанда шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі

11.04.2022, 17:22 51 0 Мадина Амангелдіқызы

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде шұғыл медициналық көмектің тегін көрсетілетінін ескертті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі таңда ел арасында емханаға жүгіну немесе ауруханаға жатқызу үшін міндетті түрде МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі талап етіледі деген пікір бар. Яғни, егер бұл мәртебе болмаса, пациент жай қабылданбайды және оған медициналық көмектен бас тартылады.

Алайда барлық шұғыл медициналық көмек МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне, яғни жарналардың болуына және медициналық ұйымға бекітілуіне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі.

Созылмалы немесе әлеуметтік маңызы бар аурудың өршуі, ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері болғанда, жарақат алған жағдайда, Сіз әрдайым мынандай көмекке жүгіне аласыз:

- фильтр кабинетіне немесе өзіңіздің, болмаса жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне;

- жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне;

- жедел жәрдем шақыруға.

Шұғыл түрде емханаға барғанда пациентке денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет барлық нәрсе тегін – ТМККК пакетінде көрсетіледі. Оның ішінде, диагнозды верификациялау және емдеу тактикасын айқындау үшін тар бейінді мамандардың қажетті тексерулері мен консультациялары, қажет болған кезде бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу.

Медициналық сақтандыру денсаулық жағдайы тұрақталғаннан кейін, жоспарлы бақылау қажет болғанда немесе стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастырған кезде қолданылады.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив