Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы Ашық есік күніне шақырады

16.03.2022, 09:44 21 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО көпсалалы онкология орталығында 26 наурызы күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін  Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ШҚО ӘМСҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар Онколгиялық орталықтың білікті дәрігерлеріне қаралып, тегін кеңес ала алады.

Айта кету керек, ол үшін емхана дәрігерінің жолдамасы қажет етілмейді, тек өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.

Іс-шара Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат) мекен-жайында өтеді.

Кезекті Ашық есік күні жатыр мойны обырының және ішек жолдарының қауіпті дертін алдын-алуға бағытталған.

Толығырақ ақпаратты +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы біле аласыздар.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив