Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Мектептегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарты қабылданады

22.02.2022, 21:30 59 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда мектептердегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарттары қабылданады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мемлекет басшысының қабылдауы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қабылдауда министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндап, денсаулық сақтау саласын жетілдіру жөніндегі жоспарын таныстырды. Айтуынша, министрліктің жұмыс жоспары ең алдымен алғашқы медициналық көмекті жетілдіруге, ауыл-аймақтардағы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, биыл Балалар жылы болып жарияланғандықтан, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, мектептегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарты қабылданады екен.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив