Өскемен
+3°
пасмурно ветер 3 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

МӘМС: шығысқазақсандықтарға 865 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілген

16.02.2022, 11:44 39 0 Ләззат Қанатқызы

2021 жылы МӘМС бойынша шығысқазақсандықтарға 865 мыңнан астам  стоматологиялық қызмет көрсетілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Стоматологиялық көмек отандық денсаулық сақтаудың сұранысқа ие бағыты болып табылады. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек алуға мүмкіндік берді, ал шұғыл жағдайларда оған зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, сондай-ақ белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер сенім арта алады. 

  • - МӘМС жүйесінің іске қосылуының арқасында 2020 жылдың 1 -қаңтарынан бастап халықтың осы санаттары үшін белгілі бір стоматологиялық қызметтер қол жетімді болды, - деп бөлісті ШҚО ӘМСҚ басшысы Ғалымжан Әбілов

Өткен жыл ішінде  МӘМС есебінен қаржыландыру аясында 1,9 млрд теңгеге 865 227 стоматологиялық көмек көрсетілген.

- Қорда стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде көрсетілетінін, яғни учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейтінін еске салды. Қызметтерді алу үшін Қормен келісім-шарты бар жеке стоматологияны таңдауға немесе өз емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне жүгінуге болады, — деп қосты Қор филиалының директоры.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив