KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО: Тұмауға қарсы вакцинаны қайдан алуға болады?

3.11.2022, 11:30 189 Ләззат Қанатқызы

Биыл жіті респираторлы вирусты жұқпа, тұмау аурушаңдығының деңгейі 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8% жоғары.

Өскемен қаласы бойынша тұмау ауруының зертханалық расталған 4 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ЕЭК эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Арай Айдарқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.

- ЖРВЖ, тұмау аурушандығы маусымының басталуына байланысты және адамдарды арнайы қорғау мақсатында, қазан-қараша айлары арасында тұрғындарға жаппай екпе егу жүргізіледі. Тұмауға  қарсы  алдымен  екпе  егілуге тиісті адамдар тобы бар, оларға 60 жастан асқан адамдар,созылмалы аурулары бар науқастар, ЖРВЖ жиі ауратын адамдар, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, көпшілікпен жиі қатынаста болатын оқу орындарының, медициналық мекемелердің, автокөлік, қызмет көрсету салаларының қызметкерлері жатады, - деді ол.

Айта кету керек, биыл жергілікті бюджеттен 41500 «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынған. Аталмыш екпе Ресейде өндірілген.

- Медициналық мекемелерге тұмауға қарсы вакцина «тәуекел топқа» жататын адамдарды егу үшін таратылды. Тәуекел топқа жатпайтын адамдар, өздері тіркелген Амбулаториялық орталық ( Абай көшесі, 18 үй, тел. 75-42-36) медициналық мекемесінен ақылы түрде тұмауға қарсы екпе ала алады, - деп түсіндірді Арай Айдарқызы.

Сондай-ақ айта кету керек, ақылы емханаларда Нидерланды мемлекетінле өндірілген «Инфлювак» вакцинасы да бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив