KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану мәселесі қайта көтерілді - Өскемен

10.11.2022, 09:19 190 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қолайсыз метеожағдай қалыптасқан күндері тұрғындардың тамағы кеуіп, қышып, мазалары кете бастайды. Ал, оларға емдеу шаралары ЖРВИ диагнозы бойынша жүргізіледі. Себебі, «тамақтың химиялық күйігі» деген ресми диагноз жоқ.

Көптен бері көтеріліп келе жатан бұз өзекті мәселені ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шқо бойынша өкілі Серік Мізімбаев Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен талқылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Облыс орталығының тұрғындары ҰМУ жарияланған күндері әлсіздік, бас ауруы және тамақ ауруына жиі шағымданады. Аталған белгілермен дәрігердің алдына барса тұмау, ангина сияқты диагноздарды қойып береді. Бұл мәселеге медициналық қызметтер қалай көрсетілуі керек? – деп сұрады Серік Мізімбаев.

Ұзақ уақыттан бері тұрғындарды толғандырып келген мәселенің шешімі жақында табылуы мүмкін. Себебі  ҚР денсаулық сақтау министрі науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлер аурудың жедел ағымы мен созылмалы ағымы үшін жаңа клиникалық хаттаманы қолданатынын түсіндірді.

- Шағымдарды ескере отырып, Қарағанды және Семей медициналық университеттерінің жанынан белгілі дәрігерлер мен ғалымдардың көмегімен жұмыс тобы құрылады. Олармен бірге осы клиникалық хаттамаларды қайта қарап, әзірлегеннен кейін министрлік жанындағы комиссия  арқылы бекітіледі, -деп түсіндірді Ажар Ғиният.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив