KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да паллиативтік көмектің жаңа бөлімшесі ашылды

11.11.2022, 14:15 227 Ләззат Қанатқызы

Аймақтың физиопульмонология орталығында паллиативтік көмектің жаңа бөлімшесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, паллативтік көмек түрі тек пациентке ғана емес, оның отбасына да көрсетіледі.

Онкопатологиямен, жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуымен, инсульт пен инфаркттың салдарымен және бауыр мен бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын науқастар қазір тәулік бойы медициналық бақылау мен кәсіби күтімді тегін алады.

- Медициналық қызметтер кешені соматикалық жағдайды жеңілдетуге, радикалды емдеу көрсеткіштері болмаған кезде әртүрлі аурулардың ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған. Паллиативтік медициналық көмек ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі, ол үшін ақпараттық порталда учаскелік дәрігерден емдеуге жатқызуға жолдама алу қажет, - деп атап өтті ШҚО физиопульмонология орталығында.

Егер пациенттің өзігінен тексерілуге мүмкіндігі болмаса қажетті зерттеулер  орталықтың өзінде жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив