KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 1 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Ажар Ғиният: Үш айлық курстан білікті маман шықпайды

15.11.2022, 12:39 276 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ға жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.

Министр өз баяндамасында медицина саласын өркендетуге бағытталған шараларға тоқталып, халықты қызықтырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Altaynews сайты.

Ажар Ғиният денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, бұл - медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.

Азаматтарды жеке қабылдау кезінде ауруханаларда, әсіресе ауылдық жерлерде бейінді мамандардың тапшылығына байланысты жеделдетілген үш айлық курстарда кадрларды қайта даярлау мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды.

- Қысқа мерзімде бейінді маман даярлаудан ең алдымен науқастар зардап шегеді. Сондықтан біз бүгін мамандықтар бейіні бойынша сертификаттау курстарын кеңейтіп жатырмыз. Олардың барлығы міндетті түрде резидентурадан өтуге тиіс, біреу - жыл, біреу - екі, біреу -үш жыл өтеді, егер бұл хирургиялық профильге қатысты болса. Мысалы, терапевт кардиолог болғысы келсе, біз оның қосымша қанша бағдарламадан өтуі керек екенін талдаймыз. Егер олардың барлығы алты айға кірсе, онда біз алты ай бойы даярлаймыз. Дәрігер-терапевт кардиолог білуі керек барлық ақпаратты меңгеріп шығуы керек. Бірақ басқа маманды үш айда жедел даярлап,  оған науқасты емдеуге рұқсат бермейміз. Өйткені медициналық көмектің сапасыздығынан халық тағы он жыл бойы  зардап шегеді, - деп жауап берді министр.

Ажар Ғиният атап өткендей, бүгінде медициналық жоғары оқу орындарында көпсалалы университеттік ауруханалар құру қажет. Университеттік клиникалар біліктілік деңгейі өте жоғары болуы үшін халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Дәрігерлерді даярлау үшін резидентураға гранттар жыл сайын 70% - ға ұлғаяды. Резиденттердің міндетті түрде ауылда тағылымдамадан өтуіне қатысты пилоттық жоба қазір  пысықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 500 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 250 мың теңгені құрайды.

 

 Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив