KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскеменде тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша отырыс өтті

15.11.2022, 15:01 318 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Буктугутовтың төрағалығымен Өскеменде сақтандыру мәртебесінің өзекті мәселелері және облыс тұрғындарын МӘМС жүйесіне тарту бойынша өңірлік штабтың онлайн отырысы өтті.

Отырыс барысында "ӘМСҚ" КЕАҚ ШҚО филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев қордың тоғыз айдағы жұмысының қорытындысы, халықты МӘМС жүйесімен қамту, азаматтардың өтініштерін талдау, төртінші тоқсанға арналған мақсаттар мен міндеттер туралы баяндады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгінде облыс бойынша 120 мыңға жуық адам жүйеден тыс қалып отырған көрінеді.

ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Буктугутов МӘМС жүйесіне оның табысты жұмыс істеуі үшін көбірек азаматтарды тарту қажеттігіне назар аударды.

Айта кетейік, штаб жұмысының негізгі мақсаты МӘМС жүйесіне облыстың сақтандырылмаған тұрғындарын тарту үшін жауапты ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады. 

Өңірлік штаб жұмысының соңында алдағы айларға арналған мақсаттар мен міндеттер айқындалды, осы жоспар шеңберінде МӘМС-ке тартудың жаңа тетігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша, медициналық көмектің қолжетімділігі мен мәселелері бойынша облыс аудандарының тұрғындарымен есептік кездесулер өткізілмек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив