KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да 300-ден астам бала қант диабетімен есепте тұр

22.11.2022, 10:21 314 Ләззат Қанатқызы

Қант диабетімен шалдыққандарға ТМККК шеңберінде көрсетілетін көмек жайлы облыстың бас эндокринологы айтып берді.

Қант диабеті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, ТМККК шеңберінде және МӘМС есебінен барлық медициналық көмек көрсетілетін бекітілген әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесіне кіреді. Бүгінде Шығыс Қазақстанда (Абай облысымен қоса есептегенде) 36 616 тұрғын қант диабетінің екінші типті жағдайымен диспансерлік есепте тұрса, оның 1647 – бірінші типті, және 300-ден астам балалар мен жасөспірімдер есепте тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Науқас ҚД диагнозымен Д-есепте тұр, бірақ сақтандырылмаған. Бұл жағдайда оған барлық консультациялық-диагностикалық көмек тек оның негізгі ауруы аясында көрсетіледі. Басқа аурулар бойынша медициналық қызметтерді алу үшін оған сақтандыру мәртебесін алу қажет болады. Науқас әлі ҚД-мен Д-есепте тұрмайды, сонымен қатар, оның сақтандыру мәртебесі жоқ. Бұл жағдайда ол МӘМС арқылы диагнозды нақтылау үшін қажетті тексерулерден өте алмайды. Сақтандырусыз оны Д-есепке қоя алмайды және қажетті медициналық көмек көрсетілмейді, — деп түсіндірді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасның шаттан тыс бас эндокринологы Бибинур Сафиуллина.

Бүгінгі таңда қант диабеті – ҚР-дағы ең қымбат әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, инсулинге тәуелді 1 және 2 типті ҚД бар барлық пациенттер ТМККК шеңберінде жеңілдікті препараттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде инсулиндермен, тест-жолақтармен, инсулин сорғыларымен қамтамасыз етілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив