KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Балаларға 11,3 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілген – ШҚО

22.11.2022, 17:38 295 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жыл басынан бері балаларға 11,3 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілген. Бұл туралы ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығы профилактикасына және оларды емдеуге көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік берді. Бір бала үшін жұмсалатын денсаулық сақтау жүйесінің шығындары 22 %-ға өсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылғанын еске салды. Олар үшін жарналарды ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға ТМККК аясында ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық көмекті де алуға мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, емханаларға тіркелген балалар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде Шығыс Қазақстанда  367 656 бала бар.

 Шығыстардың негізгі үлесін амбулаториялық-емханалық көмек құрайды. Ағымдағы жылдың 9 айында оған 6,6  млрд теңге жұмсалды.

Осы кезеңде балалар тәулік бойғы стационарларда 100 мың жағдайда 4,2  млрд теңгеге жуық, күндізгі стационарларда 1 640 жағдайда 110 млн теңгеге жуық қаражатқа емделді. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге шамамен 20  млн теңге бөлінді.

- МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық оңалту сынды маңызды бағыт қарқынды дамып келеді. Балалар көрсеткіштері бойынша оңалтуға тегін жіберіледі. Аталған кезеңде тәулік бойғы және күндізгі стационарлар жағдайында екі мыңға жуық бала 292 млн теңгеден астам қаражатқа емделді, — деп атап өтті ШҚО ӘМСҚ филиалы директоры Нұрлан Қыдырбаев.

Сондай-ақ аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Аталған кезеңде мектеп медицинасы қызметтері үшін 1,1 млрд теңге төленді.

- МӘМС жүйесі халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін стоматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретіні белгілі. Талдау көрсеткендей, МӘМС бойынша стоматологиялық көмектің негізгі тұтынушылары балалар болып табылады. 2022 жылдың 9 айында 1,5 млрд теңгеге  стоматологиялық қызмет көрсетілді, – деп мәлімдеді Қор өкілдері.

Жалпы алғанда, еліміз бойынша 1 балаға арналған шығыстар 2021 жылғы 54,1 мың теңгеден 2022 жылы 65,8 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив