KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Онкологиялық орталықта Ашық есік күні өтеді - ШҚО

5.12.2022, 15:40 609 Ләззат Қанатқызы

10 желтоқсан күні ШҚО Көпбейінді онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді.

Шара сағат 9.00-ден 13-00-ге дейін Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпуста (консультативтік-диагностикалық ғимарат) болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ашық есік күні онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналып отыр.

- Сіз орталықтың жетекші абдоминальды, торакальды хирургтер, уролог, гинеколог, маммолог, ЛОР, дерматолог мамандарына қаралып, кеңес ала аласыз. Қосымша сұрақтар арқылы +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлеріне хабарласа аласыздар, - делінген ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив