KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемендегі бірінші қалалық аурухана келесі жылы жөнделеді

9.12.2022, 11:09 615 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы бірінші қалалық аурухана ғимараты жергілікті тұрғындар тарапынан үнемін сынға ұшырайды. Әсіресе, мамандандырылған медициналық орталықта жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі де жиі айтылады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов аталмыш проблемалық мәселені жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жергілікті билік тұрғындардың шағымына құлақ асып, келесі жылы медициналық мекемеге күрледі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні  белгілі болды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі - ауруханаларды жаңарту мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету екенін атап өткен болатын.

Сондықтан мамандандырылған медициналық орталық күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа жабдықтармен де қамтамасыз етілетін болады.

- Мекемеге қажетті жабдықтарды сатып алу үшін республикалық бюджет қаражатынан қомақты сома бөлінетін болады. Ал жөндеу жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр, - дейді Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сергей Попов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив