KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да жатыр мойны обырымен 900-ге жуық әйел есепте тұр

10.03.2023, 17:17 195 Ләззат Қанатқызы

Елімізде әйел адамдарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ұсынылды. Себебі, аталмыш вирус жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін, ал вакцинация болашақ әйелдерді онкологияның осы түрінен қорғауға мүмкіндік береді.

ШҚО-да жатыр мойны обырымен есепте 900-ге жуық әйел тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Адам папиллома вирусы әйелдерге де, ер адамдарға да әсер етеді және өте жылдам таралады. Вирустың ағзада болуы асимптоматикалық болып табылатындықтан адамдардың көпшілігі оны жұқтырғанын білмей қалуы мүмкін, - дейді ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының онкогинекологы Жансая Серікова.

Қазіргі уақытта ауруды анықтаудың бір әдісі скрининг болып табылады. 30 мен 70 жас аралығындағы барлық әйелдер тексеруден өтуі керек. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға келіп, онкоцитологияға жағынды тапсыруға тиіс.

- Жатыр мойны обырын емдеу аурудың сатысына байланысты. Аурудың ерте кезеңдерінде хирургиялық араласу ұсынылады, кеш кезеңдерінде сәулелік терапия, химиотерапия немесе аралас емдеу жүргізіледі, - деп хабарлады Жансая Серікова.

Қазақстанда статистика бойынша 15 жыл ішінде жатыр мойны обырымен сырқаттанушылықтың 22% - ға өсуі байқалады. Вакцинация статистиканы бірнеше есе төмендетеді деп болжануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив