KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Дені сау ұлт»: ШҚО-да оң динамика байқалады

25.03.2023, 17:44 336 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы қабылданғаны белгілі. ШҚО-да жоба бойынша қандай жұмыстар атқарылуда және нәтижелері қандай?

ШҚО-да «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының көрсеткіштерінде де оң динамика байқалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мысалы, өткен жылдың 12 айында жүкті әйелдердің 84,8 пайызы жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамтылған екен. Бұған жүктіліктің 12 аптасына дейінгі әйелдерді есепке алу, оларды терапевтің тексеруі, жүктіліктің бірінші триместрінде перенаталды скринингтен өту кіреді.

– Біз жүзеге асырған соңғы маңызды жобалардың бірі – Ана мен бала орталығының базасында ұрықты қорғау орталығының ұйымдастыруымен тәуекел тобындағы жүкті әйелдерді бақылау және кеңес беру үшін консультативтік-диагностикалық бөлімше ашу. Сондай-ақ орталық базасында ұрықты қорғау орталығы, «Қамқорлық» балаларды оңалту және ерте араласу орталығы, паллиативтік медицина мектебі ашылды, – дейді Гүлмира Сағидуллина.

Босандыру ұйымдарын неғұрлым жоғары деңгейге көтеру бойынша жұмыс әлі де жалғасын табуда. Катонқарағай аудандық ауруханасы мен Зайсан қаласының аудандық ауруханасы босандырудың екінші деңгейіне ауыстырылды. Биыл Ақжар және Күршім ауылдарындағы аудандық ауруханаларды екінші деңгейге ауыстыру жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив