KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Дөңгелекті емхана»: ШҚО-да үш мың науқас анықталды

26.03.2023, 17:05 232 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да ауыл тұрғындары үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істейді.

Өткен жылы ШҚО-да «дөңгелекті емхана» қызметімен 46 мыңға жуық ауыл тұрғыны қамтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Былтыр облыста ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Атап айтсақ, ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайына жасалған талдауды ескере отырып, тексерулер тізімі кеңейтілді, қосымша жас санаттарымен толықтырылды. Ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтуды арттыру үшін облыста барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылған және білікті кадрлармен жасақталған жеті жылжымалы медициналық пункт жұмыс істейді.

2022 жылы «дөңгелекті емхана» қызметімен 46 мыңға жуық ауыл тұрғыны қамтылды, оның ішінде алты мыңға жуық бала қаралды. Зерттеу және мамандарды тексеру нәтижелері бойынша 3 107 науқас анықталды, оның 875-і диспансерлік есепке алынды. Пациенттерде ең көп анықталған аурулар: қант диабеті, глаукома, қан айналымы жүйесінің аурулары және онкология.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив