KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да дәрігерлер жаңа технологиямен жас жігіттің аяғына ота жасады

29.03.2023, 14:06 121 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық дәрігерлер жаңа технологияны қолдана отырып 18 жастағы жігіттің аяғына ота жасады.

Бірнеше жерден жарақат алған жас жігіттің өмірін арашалап қалу үшін травматолог-хирургтар облыста алғаш рет Қазақстан үшін сирек кездесетін Masquelet әдістемесін қолданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Былтыр тамыз айында Шемонаиха ауданының тұрғыны Ярослав Пятков мотоциклмен жол апатына түсіп, жамбасын бірнеше жерден сындырып алған. Ақ халаттылар алдымен жамбастың ашық сынығына облыстық балалар ауруханасында операция жасайды. Алайда, біраз уақыттан кейін жара асқынып, іріңдеп кеткен соң науқас  облыстық ауруханаға жеткізілген.

Ота қайта жасалғанымен науқастың жағдайы жақсармайды,ашық сынықтардың күрделі және қауіпті асқынуы өрши береді.

- Халықаралық Травматология және ортопедия ғылыми орталығындағы әріптестер бізге емдеу үшін әлемдік ортопедиялық практикада кең таралған, бірақ Қазақстан үшін сирек кездесетін Masquelet әдістемесін қолдануды ұсынды. Орталықтың директоры Еркін Жүнісов операцияны жүргізуге көмектесу үшін Алматыдан өзі арнайы келді, - дейді облыстық аурухананың ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бакербеков.

Меңгерушінің айтуынша, бұл әдістеме екі кезеңнен тұрады.

- Бірінші кезеңде біз сүйектің некроздан зардап шеккен тұсын алып тастадық. Оның орнына антибиотикпен араластырылған цемент импланты уақытша орнатылды, антибиотик жараның  қабынуын тоқтатады.  Алты аптадан кейін оның орнына сүйек имплантын орнатамыз», - деп толықтырды дәрігер.

Бірінші кезең сәтті өтті. Бірнеше күннен кейін жараның қабынуы басылып, біте бастады. Пациент дәрігерлерге шексіз алғысын білдіріп, бұл медициналық көмекті МӘМС аясында тегін алғанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив