KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Қызылшадан қауіп жоқ, бірақ екпе алу міндетті - ШҚО

5.04.2023, 16:15 255

Елімізде 2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қызылшаның 107 зертханалық расталған жағдайы тіркелген.

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина Шығыс Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық екенін, халық арасында таралған жағдайлар анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

– Екі жылда қызылша ауруы тіркелген жоқ. Соңғы жағдайлар 2020 жылы анықталды, сол жылы облыста 59 адам ауырып қалды. 2023 жылы облыс қызылшаның даму қаупі бойынша орташа тәуекел аймағында тұр, – деп атап өтті Сәуле Слямғазина.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, елімізде балалар қызылшаға қарсы 1 жасында, содан соң 6 жасында тура сол вакцинамен егіледі. Вакцина алмаған немесе осы инфекциядан өтпеген адамдар иммунитетке ие емес және өмір бойы ауруға бейім келетінін айтады мамандар.

   Спикердің айтуынша, 2023 жылдың екі айында 1 жастағы 1573 бала қызылшаға қарсы вакцина алса, 6 жастағы 1823 бала ревакцинацияланған. Қамту – 19 пайыз.

     Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы Мадина Мырзабекова биыл иммундау жоспары бойынша 1 және 6 жастағы 22 мың 500 бала қамтылатынын атап өтті. Ол бойынша профилактикалық жұмыс жалғасуда.

   Брифинг барысында Сәуле Слямғазина 2022 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек медицина қызметкерлерінің, облыстағы қалалық және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтарының үйлесімді жұмысының арқасында екпеден бас тарту саны 73 жағдайға азайғанын айтып өтті. Алайда осы екі айда бас тарту саны 8-ге өсіп, 19 ата-ана иммундаудан бас тартқан.

– Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздің балаларыңыз бен жақындарыңызда қызылшаға қарсы екпе болмаса, онда олар шұғыл түрде екпе алуы қажет. Естеріңізде болсын, қызылшаға қарсы иммундау – бұл инфекцияның алдын алудың тиімді шарасы. Өйткені бұл ауруға қарсы нақты ем жоқ екені белгілі. Бүгінгі таңда адамдардың облысқа елдің басқа өңірлерінен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден инфекция әкелу қаупі бар, – деп түйіндеді облыстық СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив