KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде 12 адамды кене шаққан

7.04.2023, 11:22 167 Ләззат Қанатқызы

Наурыз айының соңынан бесінші сәуірге дейін облыс орталығында кене шаққан 12 адам медициналық мекемеге жүгінген.

Ақ халаттылар кенелердің белсенділігі сәуір-мамыр айларында артатынын еске салып, жәндік шаққан кезде бірден дәрігерге жүгіну керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта медициналық мекемелерде кенеге қарсы арнайы иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті екенін айтады.

 "Сәуірдің 5-іне дейін Өскеменде 12 адамды, қала сыртында 7 адамды кене шаққан. Атап айтқанда, біреуі Самсоновка ауданындағы саяжайда, екі адам Глубокое ауданының аумағында, тағы екеуі Ұлан ауданы мен Алтай ауданының аумағында",  дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ересектер кене шағып алғаннан кейін №4 қалалық аурухананың жарақат алу пунктіне (Серікбаев көшесі, 1/5) медициналық көмекке жүгіне алады, ал балаларды ана мен бала орталығында (Қазыбек би даңғылы, 11) қабылдайды.

 Жарақат пункттерінде кене энцефалитінің алдын алу үшін зардап шеккендер алатын иммуноглобулиннің жеткілікті мөлшері бар. Сонымен қатар кене энцефалитіне эндемикалық болып табылатын қалалар мен аудандардың медициналық мекемелерінде де болады, деп атап өтті басқарма мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив