KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО: заманауи әдіс арқылы есту қабілеті қалпына келтіріледі

7.04.2023, 15:26 377 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық дәрігерлер Ана мен бала орталығында кохлеарлық имплантация арқылы балалардың есту қабілетін қалпына келтіреді.

Кохлеарлық имплантация – бұл адамның есту және сөйлеу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қазіргі кездегі жалғыз заманауи әдіс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Электронды импланттарды орнату операциясы тіпті туа біткен есту қабілеті төмен балаларға да жасалады.

– Облыста балаларға сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, осы жоғары технологиялық медициналық көмекті табысты іске асыру үшін 2019 жылы ОӘДМ базасында Словения профессоры Милан Профанттың қатысуымен мастер-класс өткізілді, содан кейін 2 операция сәтті (КИ, сүйек өткізгіштігі бойынша имплантация) жүргізілді. Тек соңғы екі жылда өңірдің 52 баласына КИ операциясы жасалды. 2023 жылы Ана мен бала орталығы базасында 20 КИ операциясын жүргізу жоспарланған, – дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы штаттан тыс балалар сурдологы, балалар дәрігері оториноларинголог-сурдолог Жанна Хамитова.

Қазір орталықта 30 төсектік ЛОР-бөлімше, Орталықтың балалар емханасында сурдологиялық кабинет жұмыс істейді.

ШҚО бас балалар сурдологының айтуынша, техникалық тұрғыдан кохлеарлық имплант келесідей орналастырылған. Жүйе екі бөліктен тұрады: тері астына тігілген имплант және сыртынан киілетін сөйлеу процессоры, дыбыстық процессор деп те аталады. Сигнал (сөйлеу, шу) құлаққа тағылатын "Есту аппаратының" микрофонымен қабылданады.

Ал имплантацияға арналған квоталарды толығымен МӘМС қаржыландырылады. Операцияның өзі, заманауи имплант, оны қосу және одан кейінгі оңалту МӘМС шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерімен тегін алынады.

– Өмірдің 6 айына дейін есту патологиясының болуын анықтауға тырысу керек, өйткені бұл жағдайда тиісті жартыжылдық жаттығулармен есту аппаратына бейімделуге тырысуға болады. Содан кейін қысқа мерзімде кохлеарлық имплантацияға көрсеткіштер бар ма немесе мәселені түзету үшін қарапайым есту аппараты жеткілікті ме деген мәселе шешіледі. Негізгі мақсат – баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап мүмкіндігінше екі жағынан кохлеарлық импланттармен қамтамасыз ету. Тек осы жағдайда ғана пациент технологиядан барынша пайда көре алады. Мұндай балалар жалпы білім беретін балабақша мен мектепке 70% ықтималдықпен бара алады, – дейді Жанна Калелқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив